
ҚОБДА АУДАНЫ: ӨТКЕНГЕ ЕСЕП, БОЛАШАҚҚА ЖОСПАР
Кәсіподақ көшбасшыларының есеп беру жиындары жалғасуда. Ақтөбеде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жиынға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының активі, аудандық білім бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Қобда аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өткен жылы жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстады.
- Еңбек адамының құқығын қорғау - кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта аудан педагогтері тарапынан түскен арыз-шағымдар, өтініштер дер кезінде қаралып, мұғалімдердің мүддесіне шешілді, - дейді Қ.Ибраев.
Айта кетейік, Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағына өткен жылы педагогтердің тарапынан 20-даг астам өтініш-арыз түскен. Магистрлерге қосымша ақы төлеу, декреттік демалыстан кейінгі еңбек демалысын есептеу, балабақша меңгерушісінің жұмыс кестесін реттеу сияқты сұрақтарға облыстық кәсіподақ заңгерлерінің көмегімен нақты жауаптар беріліп, мұғалімдердің мәселесі толығымен шешімін тапқан. Әлеуметтік әріптестіктің негізінде кіші қызметкерлердің еңбек демалыстарына 6 күн қосылып, қосымша 58 75 200 теңге тиесілі үстеме ақылары өндірілді.
Аудандық кәсіподақ ұйымы қиын жағдайға душар болып, көмекке мұқтаж жандарға уақытылы көмек көрсетті. Тілсіз жаудың салдарынан баспанасынан айырылған 2 кәсіподақ мүшесіне қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық білім кәсіподағы мемлекеттік және кәсіби мерекелер қарсаңында сала үздіктерін алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сертификаттар ұсынды. Аудан педагогтері емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылып, аудан жастары тарихи-танымдық саяхатқа жіберілді.
Жиын соңында кәсіподақ төрағасы алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап, жоспарларымен бөлісті.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкеткерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова 2024 жылдардағы кәсіподақ жұмысына есеп беріп, баяндама жасады. Есеп беру кезінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ жұмысына кеңінен тоқталды.
Ұстаздар қауымының құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қатар, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу, жұмыс орындарындағы еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шаралары да үнемі іске асырылып келеді.
Кәсіподақ ұйымы биылғы еліміз үшін ауыр болған су тасқыны кезінде кезінде ұстаздар қауымын үнемі қолдау үстінде болды. Cу тасқыны сияқты айтып келмейтін апаттан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету - кәсіподақ жұмысындағы басымдықтардың бірі.
- Тосыннан келген табиғат апаты кәсіподақ ұйымын бей-жай қалдырмады. Көктемгі су тасқыны кезінде облыстық ұйымның 600-ге жуық кәсіподақ мүшесі табиғи апаттан зардап шеккен болатын. Оның ішінде Қобда ауданында 95 кәсіподақ мүшесіне аудандық кәсіподақ ұйымынан бөлек облыстық ұйым тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Апат айтып келмейді, десе де табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен әріптестерімізге қолдан келгенше көмегімізді көрсетіп, кәсіподақ мүшелерінің басына түскен қиындықтарды бірге еңсердік деп ойлаймын. Қайырымдылық көмекке Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы мен өзге облыстағы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары, облыстық ұйым қызметкерлері, бастауыш және аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағалары да өз үлестерін қосты. Сонымен қатар баспанасы өртке оранған ауданның екі кәсіподақ мүшесіне де қаржылай көмек көрсетілді. Қиыншылыққа ұшыраған кәсіподақ мүшелеріне қол ұшын жалғап, көмектесу - біздің парызымыз, - деді Р.Серікова.
Кездесуде облыстық ұйым көшбасшысы салалық кәсіподақ қозғалысының алдындағы міндеттер мен мәселелер, педагог мәртебесі туралы атқарылып жатқан мәселелер жөнінде де толығырақ тарқатып, облыстық ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.
Өз кезегінде облыстық ұйым маманы Нұрлан Жетпісбай кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметі мен ұжымдық шарт туралы баяндады. Сондай-ақ, 2024-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің негізгі ережелерін түсіндірді.
Одан кейін облыстық ұйым өкілдері Қобда көпсалалы колледжінде, Қобда қазақ орта мектебінде, И.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясында, Шұғыла балабақшасында болып, кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Кездесуде кәсіподақ мүшелері көкейкесті сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауаптар алды.
Басқосудан соң кәсіподақ өкілдері жоғарыда аталған білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымына қоғамдық бақылау жүргізіп, әдістемелік көмек берді. Кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді. Жауапты мамандар ішкі еңбек тәртібі мен ұжымдық шарт, өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.
-
Фото
-