
ТӨРАҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа да бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы «2024 жылдың қорытындысы және 2025 жылға арналған жұмыстың негізгі бағыттары»
атты жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңеске аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Кәсіподақ жұмысының барлық бағыттары бойынша жауапты мамандар сөз сөйлеп, статистикалық, құқықтық, қаржылық есептіліктің қорытындылары туралы ақпарат берді. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту, қызметкерлердің сауықтыруы мен демалысын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңеске қатысушылар алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады, оның ішінде: еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту, кәсіподақ мүшелігімен қамтуды кеңейту, Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберіндегі іс-шаралар мен ақпараттық жұмыс туралы.
Шара соңында «Еркін микрофон» алаңы ұйымдастырылып, еркін талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік болды.
-
Фото
-