
ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
Биыл Маңғыстау облысы өңірінде, оның ішінде Ақтау қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында заманауи сапалы және білім алушылар үшін толықтай жабдықталған №18, №24, 31, 32, 33 жаңадан мектептер ашылып мүшелік бастауыш ұйымдар саны мен кәсіподақ мүшелері артты.
Жаңадан ашылған барлық мектептің ұжым қызметкерлерімен кәсіподақ ұйымының міндеттері мен ұжымдық шарттағы енгізілген артықшылықтар бойынша кездесулер ұйымдастырылып, бастауыш ұймының төрағалары сайланды.
Кезекті кездесу Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Педагог қызметкерлерді білім беру ұйымынан екінші білім беру ұйымына ауыстыру тәртібі» тақырыбында жаңадан ашылған мектептердің директорлары мен кадр қызметінің мамандарымен өткізілді. Оныңғ аясында тәжірибе алмасу семинары өткізіліп, әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, кеңестер берілді.
Семинар барысында Облыстық ұйым төрайымы Тарбия Байымбетова педагогтар тарапынан көптеген сұрақтар түсуіне орай еңбек заңнамалары аясында құқықтық қолдау көрсету аясында ашық диалог орнатылатынын атап өтті.
Одан әрі педагогтарды екінші ұйымға ауысу барысындағы еңбек қатынасының мәселелері, еңбек шартын тоқтату, жалақы төлемі, жұмысқа қабылдау бұйрықтары, еңбек демалысының берілу жолдары мен төлемі, т.б мәселелер бойынша облыстық кәсіподақтың құқықтық қызмет бойынша бас маманы Н.Храмова толықтай түсінік жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына (ҚР БҒМ 27.01.2012 ж. №57 бұйрығы) енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері бойынша, ҚР ЕК қолдану бойынша ақпараттар беріліп, тақырып аясында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптары берілді.
Семинар соңында директорлар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіподақ ұйымының мақсатты ұйымдастырылған жұмыстарына алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-