
«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - 2025» БАЙҚАУЫ
Семей қаласындағы №19 ЖОББМ» КММ-де «Үздік сынып жетекші—2025» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
Байқаудың сынып жетекшілерін кәсіби тұрғыдан жетілдіру, қызметінің беделін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, сынып жетекшілердің жеке қабілеттері мен тиімді тәрбие технологияларын анықтау, сондай-ақ өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуы үшін жағдай жасау, сыныптық ұжымның ата-аналармен белсенділік жұмыстарын шыңдау мақсатында өткізілді.
Үздік сынып жетекші атағына үміткерлер «Мен сынып жетекшімін», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Құндылықтар және оны іске асыру жолдары» (ашық тәрбие сағаты немесе АПҚО тақырыбы негізінде ата- аналармен жүргізілген жұмыс, бейнефрагмент, 3 минут), «Тәрбие алаңы» (сұрақ-жауап), «Өнер сайысы» бөлімдері бойынша сайысқа түсті.
Мектеп директоры Жүнісова Айсұлу Ахметжанқызы ұстаздарға өзінің жылы лебізін білдіріп, байқауды қорытындылады. Мектептің кәсіподақ ұйымы байқауға қатысқан ұстаздарды марапаттады.
Байқау нәтижесінде Бас жүлдені Н.Шортамбаев, 1-орынды А.Оралбекова мен Г.Түселбаева, 2-орынды Ж.Камза, 3-орынды Л.Әскербекова иеленсе, «Тәрбиеші шамшырағы» номинациясымен М.Сағымбаева «Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз» номинациясымен А.Бекітаева марапатталды.
Білім саласында ұстаздың рөлі өте маңызды. Ұстаз тек білім беруші ғана емес, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, болашақтағы жетістіктеріне әсер ететін негізгі тұлға.
Н.Арынова,
Семей қалалық №19 ЖОББМ» КММ кәсіподақ ұйымы төрағасы
-
Фото
-