
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ШАҢҒЫ ТЕУІП ЖАРЫСТЫ
Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен кәсіподақ мүшелері арасында жас ерекшеліктеріне қарай шаңғы тебуден жарыс өтті. Мұндағы мақсат - достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайта отырып, шаңғы спортын аудан көлемінде насихаттау. Шаңғы жарысына 60-қа жуық қызметкер қатысты.
Қатысушылар мұндай іс-шаралар дене белсенділігін арттырып қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтып, бәсекелестік рухын қолдайтынын атап өтті.
- Мұғалімдер ретінде бізге оқушыларға үлгі көрсетіп, спорттың денсаулық пен белсенді өмірге апаратын жол екенін көрсету маңызды. Мұндай іс-шаралар бізге қуат алуға, әріптестерімізбен сөйлесуге және, әрине, командалық рухты нығайтуға көмектеседі, – дейді қатысушылар.
Жарысқа қатысушылар төмендегі шарттар бойынша бақ сынасты:
жүгіру қашықтығы: ерлер үшін - 2 000 метр; қыздар үшін - 1 000 метр.
әр қашықтықта жас ерекшелігі: қыздар үшін - 18-39 жас, 40-60 жас; ерлер үшін - 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас және 60 жас және одан жоғары.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз атанған кәсіподақ мүшелері дипломдармен марапатталып, жүлдегерлерге аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табысталды.
-
Фото
-