
ОБЛЫСТЫҚ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ
2025 жылғы 18 ақпанда Кәсіподақтар үйінің алаңында «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Т.Ж. Қасымжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс жұмысына үшжақты комиссия мүшелері, басқарма басшылары мен орынбасарлары, кәсіподақтардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілдері, кәсіпорын басшылары қатысты. ШҚО жергілікті кәсіподағынан құқықтық мәселелер жөніндегі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бас маманы И.Н. Соколов қатысты.
Кәсіпорындардағы әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Шығыс Қазақстан облысындағы «2024-2030 жылдарға арналған ҚР қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру бойынша Жол картасын орындау, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалақы бойынша берешекті өтеу қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Соңғы қаралған сұрақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған облыстық келісімнің 3.31 - тармағына өзгерістер енгізуді талқылау, өңірлік үшжақты комиссия базасында үшжақты әлеуметтік алаң құру болды.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
-
Фото
-