
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысы, Темір ауданының Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебінде «Тарихы тағылымға толы білім ордасына 50 жыл» тақырыбында салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар мен мектеп түлектері қатысты.
Шарада “Шығармашылық шыңы - ұстаз еңбегі” тақырыбындағы көрме, “Ұлттық ойындар - ұлт қазынасы” ұлттық ойындар, “Білім мен тәрбие егіз” шебер сыныптар өткізіліп, қайырымдылық жасау мақсатында өнер туындыларына арналған аукцион ұйымдастырылды.
Мерейтой қарсаңында аталған білім ордасының бір топ қызметкері білім басқармасының, облыстық әдістемелік орталығының, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, мерекелік басқосуда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының мектеп ұжымына 500 000 теңге ақшалай сыйақысы мен кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттары, тарихи-танымдық саяхатқа және шипажайға жолдамалары табысталды.
Шараның соңы мерекелік концертпен аяқталды.
-
Фото
-