
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР КӘСІПОДАҚ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде педагогикалық хакатон өтті. Шараға ауданның мектеп директорлары қатысты. Басқосуда мектеп басшылары төрт топқа бөлініп, әр топ өз идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, жобалар әзірлеп, қорғады.
Бұл хакатон – аудан мектептерінің дамуына тың серпін беретін маңызды қадам болды. Айта кетейік, хакатон нәтижесінде ұсынылған жобалар мектептерде апробациядан өткізіліп, келесі хакатонға дейін авторлық бағдарламалар жасалатын болады.
Жиында аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова қатысқан әр топқа 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар кәсіподақ төрағасы мектеп директорларына Ташкент қаласына тарихи-танымдық саяхатқа жолдама тапсырды.
-
Фото
-