
ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жоспарына еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның отырысы өтті. Еңбекші әйелдер комиссиясының құрамы аудандық, қалалық филиалдар мен облыстық ұйым аппаратының өкілдерімен толықты.
Отырыста Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы бойынша еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясы туралы ереже, комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.
Бейнебайланыс режимінде өткен шарада облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова әйелдер мүддесіне қатысты мәселелер әрдайым кәсіподақтың назарында екенін жеткізді.
Еңбекші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның төрағасы Жұмагүл Жұмабаева өңірдегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, алда тұрған мақсаттар мен міндеттерді айқындап, жаңа құрамды жұмыс жоспарымен таныстырды.
Жиында Жұмагүл Жұмабаеваның төрағалығымен аумақтық комиссияның жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.
Комиссия мүшелері өз ұсыныстарын енгізді, содан кейін жоспар мақұлданды. Аалдағы уақытта әйелдердің еңбек, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау және тағы да басқа мәселелер бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады.
-
Фото
-