
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНАН ЖАРЫС
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының II Спартакиадасы аясында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс өтті.
Жарысқа мектептерден 12 және қосымша білім беру ұйымдарынан 2 команда, барлығы 28 адам қатысты.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетті. Әрбір ойыншы жеңіске жету үшін бар күшін салды. Жеті турдың қорытындысы бойынша: 1-орын «Қ.Дамитов орта мектебі» КММ - Абылай Арыстанбекұлы, 2-орын «Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ - Серік Слямов, 3-орын «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ - Алмаз Коңыров және «Солонов орта мектебі» КММ - Қайдар Жақыпов иеленді.
Әйелдер арасында: 1-орын Наргиз Арман «Малонарым орта мектебі» КММ , 2-орын Жұлдыз Досынбаева «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ, 3-орын Балғазина Зайра және Әйгірім Сағитханқызы «Қ.Дамитов орта мектебі» КММ бөлісті. Командалық есепте 1-орын «Қ.Дамитов орта мектебі» КММ, 2 – орын «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ, 3-орын «Малонарым орта мектебі» КММ және «Балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік әріптестер - «Шығармашылық үйі» КМҚК қосымша білім беру ұйымының директоры Ш.Б. Құрмановаға және жарыстардың бас төрешісі Шырын Арстанбекқызына жарысты ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен қөмегі үшін алғыс білдіреміз.
Тоғызқұмалақ тек қана спорт емес, сонымен қатар тарихымыз бен мәдениетіміздің бір бөлігі екенін естен шығармауымыз керек.
«Шаңғы эстафетасы» жарысының келесі кезеңі Үлкен Нарын ауылында өтеді.
-
Фото
-