
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ СҰРАҚТАР БОЙНША СЕМИНАР ӨТТІ
Солтүстік Қазақстан облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Еңбек және салалық заңнамалардың бірқатар сұрақтары» тақырыбындағы кезекті семинар Аққайың ауданында өтті.
Семинар жұмысына Аққайың ауданының білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары, кәсіподақ бастауыш ұйымдардың төрағалары қатысты.
Семинар барысында аудандық кәсіподақтың төрағасы Ахметов Е.К., өткен 2024 жылы, жалпы аудандағы бастауыш кәсіподақ комитеттердің атқарған жұмыстары туралы және кәсіподақ мүшелеріне ұжымдық шарттарға енген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет берді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық сұрақтар бойнша бас маманы Тасымова А.А,.көшпелі семинар барысында қатысушыларға еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар,, оларды іске асыру жолдары, еңбек дауларын шешу мәселелері бойынша тәжірибелік кеңестер берді .
Облыстық кәсіподақтың бас есепшісі Мұрзағазинова Г.А., қатысушыларға есеп беру құжаттарын толтыру ережелерін еске сала отырып, кәсіподақ қаржысын қандай жағдайдағана ұстауға болатынын айтты.
Семинар-кеңес соңында қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты. Қатысушылар көтерілген мәселелердің маңыздылығын белгілеп, алған білімдері мен тәжірибелерін өз ұжымдарында тарататынын айтты.
Cолтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-