
ҰЛЫ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы -«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-ң «№17орта мектебі» КММ әкімшілігімен және мекеменің ұжымымен кездесіп, мектеп директоры Р.Акшолақованы мерейлі мерекесімен құттықтады.
Көп жылдар бойы адал еңбек етіпкеле жатқан әлеуметтік әріптесіне бастауыш кәсіподақ ұйымының ұсынысымен «Еңбек адамы» төсбелгісі табысталды.
Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Ғалымова ұжым атынан мектеп директоры - Р.Ақшолақованы құттықтап, жылы тілек сөздер айтып, гүл шоқтарын табыстады.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы