
ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысында Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Үздік қосымша білім беру педагогы - 2025» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты - шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Аудандық додада Қобда балалар өнер мектебі мен Қобда аудандық оқушылар үйінің педагог мамандары «Таныстыру», «Ұстаз еңбегі - шәкірттің жемісінде», «Шеберлік сабақ» кезеңдері бойынша креативтілік пен білімділікті, шығармашылық біліктіліктерін көрсетті.
Сайыс соңында барлық қатысушы педагогтер Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің арнайы дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, Бас жүлде иегері мен І орын иегеріне кәсіподақ ұйымының шипажайға және тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалары табысталды.
Ал, байқаудың бас жүлдесін иеленген кәсіподақ мүшесі облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.
-
Фото
-