КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Халықаралық әйелдер күніне орай «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Әлемнің сыйы - анаға» атты салтанатты қабылдауын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға мекеме басшылары мен аудандық, қалалық филиалдардың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Шара барысында Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Білім саласында жұмыс істейтін әйелдердің өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, алғысын жеткізді.
Сонымен қатар бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Кәсіподақтар федерациясының, Салалық және облыстық кәсіподақтың төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты қабылдауға қатысушыларды Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов те құттықтады. Ұстаздарға ақ тілегін арнап, жемісті еңбек етіп жатқан педагогтарға ризашылығын білдіріп, басқарманың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Шара соңында оқушылар сарайының және Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің өнерпаздары өнер көрсетіп, «Ағайындылар» тобы эстрада әндерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-