
АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙДЫҢ АЙНАСЫ
Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №143 мектеп-лицейдің кіші қызметкері Фариза Кененбаева осы мекемеде 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Сол уақыттан бері «Ұстаз» кәсіподағының мүшесі.
Өз ісіне адал, қашан да болмасын мектеп дәліздері мен бөлмелерінің таза, ұқыпты жиналып, эстетикалық жағынан талғамға сай болып тұруын қадағалайды.
Еңбекқор жанның беделі биік, барлық әріптестері Фаризаны өте қатты сыйлайды. Адал еңбек – абыройдың айнасы. Фариза Кененбаева елесі еңбегімен абырой жинап жүрген құрметті жан.