
КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, Ақмола облысының білім беру ұйымдарында қызметкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жандандыру, жұмыс берушілердің еңбек міндеттемелерін бұзу жағдайларын азайту мақсатында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес облыстың аймақтық филиалдарында а.ж ақпан айында облыстық кәсіподақ төрағасының қатысуымен түрлі формаларда кеңейтілген семинар-кеңестер өтті. Шараларға аудандық және қалалық прокуратура өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, халықты әлеуметтік қорғау және Мансап орталықтарының өкілдері қатысты.
Бүгінгі таңда кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғауда көптеген мәселелер шешілді. Атап айтқанда: ауылдық жерлердегі педагог қызметкерлерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсету; Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың штатында тұрған бiлiктiлiгi жоқ еңбек қызметкерлерiнiң барлық санаттарына лауазымдық жалақысы мөлшерiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезiнде сауықтыруға арналған жәрдемақыны күнтiзбелiк жылда бiр рет төлеу; Ұжымдық шартта көрсетілген бір қатар қызметкерлерге үш күн жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын беру; Мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеу т.с.с.
Дегенмен, жұмыс барысында кеңеске қатысушыларға қойылған сұрақтар негізінде тағы біраз шешімін табатын мәселелер туындады. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешуде біраз іс-әрекет жоспарланып отыр.
Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-