
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА БАЙРАҚТЫ ЖАРЫС
Халықаралык әйелдер күні мерекесіне орай, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұлттық спорттық ойындарын дамыту және қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында «Бес асық» жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде: І орынды «Құланды ЖББМ» М.Байбактыева, ІІ орынды «Қарақұдық мектебі» С.Тайшаева, ІІІ орынды «Аружан бөбекжайы» А.Жайлаубаева иеленді, «Қ.Күржіманұлы атындағы ЖББМ» К.Алтынбековаға ынталандыру сыйлығы табысталды.
Марапаттау кезінде жүлделі орын алған барлық қатысушыларға Қарақия аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлық-сертификаттар берілді.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық филиалы.
-
Фото
-