
АУДАНДАҒЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ
Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен кәсіподақ жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Шараға 200-ге жуық білім саласының өкілдері қатысты.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Талғат Түкібаев, мәслихат төрағасы Берік Сейілханов, білім бөлімінің басшысы Сәулеш Біртаева, кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов форум қатысушыларына сәттілік тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Форумға қатысушылар «Кәсіподақ – береке мен бірлік шаңырағы», «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім мүмкіндіктері» тақырыптары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, жастар «Театр-өмір айнасы» ТЕDX форматындағы, «Әлеуметтік жобалар: Арманда! Ұсын! Іске асыр!» тақырыбындағы жобалармен жұмыс жасады.
Айта кетейік, аудан жастары қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысып келеді. Осы орайда білім саласына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар жас аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар үздік жас ұстаздар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасына ие болып, 38 кәсіподақ мүшесіне Оңтүстік өңірге тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табысталды.