
САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы білім саласында қызмет етіп жүрген әйелдер қауымын көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Өзінің құттықтау сөзінде ол әйелдердің қоғамдағы, әсіресе, білім және ғылым саласындағы ерекше рөлін атап өтті. Ұстаздық жолында еңбек етіп жүрген нәзікжандылар тек білім беріп қана қоймай, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне де зор үлес қосатынын айтты.
Сондай-ақ, мерекелік құттықтаудан кейін кәсіподақ ұйымының атынан арнайы сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды. Бұл игі шара әйелдерге құрмет көрсетудің айқын көрінісі болды.
Мерекелік кездесудің қонақтарыда өз кезегінде кәсіподақ ұйымының қолдауына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай шаралардың жалғасатынына сенім білдірді.
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы әйел ұстаздарға қашанда қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еңбектерін бағалауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.