
МҰНАЙЛЫДА МЕРГЕН АРУЛАР АНЫҚТАЛДЫ
6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, Маңғыстаудың Мұнайлы аудандық ұйымы білім беру ұйымдары басшылары (әйелдер) арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жандандыру мақсатында «Мерген ару»спорттық сайысын ұйымдастырды.
Мылтықпен дәлдікке ату бойынша сайыс қызықты да тартысты өтті. Нәтижесінде қатысушылар ұпай сандарына сәйкес, тиісті жүлделі орындарды иеленді.
Барлық қатысушыларға Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымынан сыйлықтар табысталды.
Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы
-
Фото
-