
МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыстың үздік педагогтары құрметке бөленді.
Ақтөбе өңірінің білім саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан педагог әйелдер Халықаралық әйелдер күнін ерекше атап өтті.
Салтанатты шарада Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Раушан Серікова мен білім саласының өкілдері әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ басқосуда мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Айта кетейік, салтанатты шара Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен, Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті.