
ЖАС ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ
Наурыз мейрамы қарсаңында ынтымақтастық меморандум аясында Павлодар қаласы Жұмабек Ташенов атындағы мектебінде Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының жас ұстаздарымен маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Жас ұстаздар арасын ұлттық дәстүрлерді сақтау және дәріптеу.
Аймақтағы жас ұстаздардың кәсіби қауымдастығын нығайту.
Тәжірибемен, жаңа идеялармен алмасу және болашақ бастамаларды бірге жоспарлау.
Павлодар облыстық ұйымы төрағасы Г.Ә. Науразбаева, мектеп директоры Г.С. Мантыкова және ҚБ қалалық филиалдардың төрағалары құттықтау сөз сөйледі.
Наурыз – бұл жаңару, жаңа бастамалар мен жылы кездесулер уақыты. Кәсіподақ - жас ұстаздарды біріктіру, көмек көрсету, даму жолында қолдаушы ұйым!
Павлодар облыстық ұйымы баспасөз қызметі
-
Фото
-