
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҰЙЫМЫ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТТЫ
5-ші ақпан - 13-ші наурыз аралығында «Ұстаз» кәсіподағы Алматы қаласының кәсіподақ орталығымен бірлесе отырып қаланың білім беру ұйымдары Келісу комиссияларының 1400 мүшесіне оқыту семинарын ұйымдарстырды.
ҚР Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері жыл сайын еңбек заңнамасының негіздеріне, еңбек даулары бойынша келіссөздер жүргізуге және консенсусқа қол жеткізуге дағдыландыру курсынан өтуге міндетті.
Семинарда тыңдаушылардың назары еңбек заңнамасының нормаларына сүйене отырып, уақтылы және объективті шешім қабылдаудағы келісу комиссиясының бірінші кезектегі рөліне және еңбек дауларын уақтылы шешудегі келісу комиссиясының рөліне аударылды. Семинар аяқталғаннан кейін келісу комиссияларының барлық мүшелері сертификаттар алды.
-
Фото
-