
ЖАС ҰСТАЗДАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Ақтөбе облысыың Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының жанынан құрылған жастар кеңесінің мүшелері ерекше қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мұқтаж балаларға қуаныш сыйлады.
Бұл акция жас педагогтардың мейірімділік пен адамгершілікке деген ұмтылысы мен қоғамға деген жауапкершілігін көрсететін тамаша бастама болды.
Олар балаларға түрлі сыйлықтар мен қажетті заттарды тарту етті.
Сондай-ақ, балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, олар ерекше көңіл-күймен қайтты. Қайырымдылық акциясы барысында балалардың көздерінен қуаныш пен үміттің жарқырағанын көру ұстаздардың еңбегінің жемісі болды.
Бұл шараның басты мақсаты — мұқтаж балаларға қолдау көрсету, олардың көңілін көтеру және болашақта адамгершілік құндылықтарды нығайту. Кәсіподақ жастары бұл акцияны жүзеге асыру арқылы өздерінің мейірімін, қамқорлығын және балаларға деген сүйіспеншілігін көрсетті.
Қайырымдылық акциясы жас ұстаздар мен балалар арасындағы рухани байланыстардың нығаюына маңызды үлес қосты. Кәсіподақ жастары болашақта осындай іс-шараларды жиі өткізіп, қоғамда ізгілік пен мейірімділікті таратуға өз үлестерін қосуды жоспарлап отыр.