
АЛМАТЫДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ФОРУМ ӨТТІ
14-ші наурызда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Еңбекқорлық және кәсібилік – қоғамымыздың басты құндылықтары» атты қалалық Форум өтті.
Форумды әлеуметтік әріптестік аясында Алматы қаласы Білім басқармасы мен «Ұстаз» кәсіподағы бірлесіп ұйымдастырды.
Форум барысында әр кәсіптің өзіндік ерекшеліктері мен маңыздылығын көрсету мақсатында Алматы қаласы колледждерінің «Жұмысшы мамандықтары – ел дамуының тірегі» атты көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан басқа колледждердің жұмысшы мамандықтарын даярлауы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Форумға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, әлеуметтік әріптестер, Аманат партиясының, Алматы қаласы палата кәсіпкерлерінің өкілдері, колледж, мектеп директорлары, колледж директорларының орынбасарлары, «Ұстаз» кәсіподағы аудандық филиалдарының және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіптік бағдар беруші педагогтар қатысты.
Форумда Байгуттинов С.К., «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы; Тажибаев Ш.М., Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Тугельбаев К.С., «VEK ALSAN» ЖШС директоры, әлеуметтік серіктес; Бакарасова Е.Е., «Концерн «Bakarasov» компаниясының бас директоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты; Туребекова Ж.М., Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы; Ахметов Б.С., Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры сөз сөйледі.
Форумның соңында ұсынымдар қабылданды және кәсіподақ белсенділері ҚР Кәсіподақтар Федерациясының, Салалық кәсіподақтың, «Ұстаз» кәсіподағының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, төсбелгілерімен марапатталды.
-
Фото
-