
КӘСІПОДАҚҚА АЛҒЫС
Бұқаралық мәдени жұмыс ұжымдарда жайлы моральдық-психологиялық ахуал туғызып қана қоймай, білім беру ұйымдарымызда рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіруге, ұйымшылдыққа, ұжымдық рухтың нығаюына ықпал етеді.
Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитеті 100 пайызға жуық кәсіподақ мүшесі бар саладағы үздік мекемелерді Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына қойылымға жолдама ұсынды.
«Біз демалдық, қойылымнан үлкен ләззат алдық және жалпы тамаша кеш өткіздік, бұл үшін облыстық кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз», - дейді біздің кәсіподақ мүшелері.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамы қарсаңында қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымының 50 белсенді кәсіподақ мүшесіне облыстық кәсіподақ ұйымы есебінен Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында өтетін айтысты тамашалауға билеттер табыс етілді.
«N20 орта мектеп ұжымы атынан кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз. Әріптестермен айтысты тамашаладық. Айтыс өте ұнады, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халықт та көп жиналып, бір сергіп қалғандай болды» - деді айтысты тамашалаған кәсіподақ мүшелері ризашылықтарын білдіріп.