
ЖАС КЕЛСЕ- ІСКЕ
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Осы ұлы кәсіптің кілтін ұстап, педагогика саласына аяқ басқан жас мамандардың бірі – Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы Қыналы негізгі орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тәжібаева Әсемгүл Оразалықызы.
Тәжібаева Әсемгүл Оразалықызы — 2001 жылы 1 тамызда дүниеге келген. 2016 жылы Байғанин ауданы, Қопа орта мектебін бітірді. Сол жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Математика пәні мұғалімі" мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы қызыл дипломмен аяқтады. 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өз білімін жалғастырып, 2023 жылы "Математика-физика" мамандығын аяқтады. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастайды.
Әсемгүл Оразалықызы өзінің қажырлы еңбегі мен ерекше жауапкершілігімен шәкірттерінің жүрегінен орын тапқан ұстаз. Оның педагогикалық қызметі тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды тұлға ретінде дамытуға бағытталған.
Жас ұстаз еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып, білім ордасының абыройын асқақтатып жүр. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, таным көкжиегін дамыта отырып, білім сапасын арттыру деп білетін ол, сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспар бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін өскелең ұрпаққа арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
Әсемгүл — шығармашылықпен жұмыс жасайтын кәсіби шеберлігі жоғары, білімді де білікті, тың серпіліске бейім, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл ұстаз. Ол - кәсіби шебер мұғалім. Өзінің білімі мен шеберлігін сабақтарды жаңартылған білім бағдарламасы бойынша өткізгенде айқын танытады. Оның өз білімін үнемі жетілдіруге талпынысы, жаңашылдыққа ұмтылысы көңілге қуаныш, зор үміт сыйлайды.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры — ұстаздың қолында. Сол себепті мен осы уақытқа дейінгі алған білімімді шәкірттеріме үйретіп, оларды өз алдына жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат етемін», - дейді Әсемгүл Оразалықызы.
-
Фото
-