
ЖЕТІСУЛЫҚ ҰСТАЗДАР СПОРТТАН БАҚ СЫНАДЫ
Салауатты өмір салтын қалыптастыру кәсіподақтың негізгі бағыттарының бірі. Білім саласы қызметкерлерінің арасында спорттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі облыстық Спартакиада жарысын ұйымдастырды.
Аталған шараға білім беру мекемесінде жұмыс істейтін және кәсіподақ мүшесі болып табылатын тұлғалар қатысуға мүмкіндік алды. Облыс бойынша 9 аудандық, қалалық филиалдан жалпы саны 275 адам қатысты.
Жарыс шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, волейбол сынды спорт түрлерінен өтті.
Шараның ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз сөйлеп, жарыстың мақсатын айқындап, ұстаздар үшін маңызды шараның қатысушыларына сәттілік тіледі.
Дәстүрге айналған спартакиаданың бас төрешісі Беделхан Оналбаев жарыстың ережесіне сәйкес командалар сұраныс беруі мен талапты орындауы жайында ақпарат беріп, әр спорт түрінен белгіленген төрешілерді таныстырып, жарыстың өтетін орындарын белгілеп берді.
Спорттың шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және асық ату түрлерінен жарысқа қатысушылар «Жастар» спорт сарайында жолдастық кездесу өткізсе, волейболдан ерлер және әйелдер командалары «Өркен» спорт кешенінде, №29 орта мектеп-лицейі, Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектебі мен М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің спорт залдарында өзара бақ сынасты.
Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде:
Шахматтан:
І орынды Көксу аудандық кәсіподақ филиалы, ІІ орынды Ескелді аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынды Қаратал аудандық кәсіподақ филиалдарының командалары иеленді.
Тоғызқұмалақтан:
І орынды Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІ орынды Көксу аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынды Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы еншіледі.
Үстел теннисі:
І орынды Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІ орынды Ескелді аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынды Көксу аудандық кәсіподақ филиалы ие болды.
Асық атудан:
І орынды Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІ орынды Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынды Панфилов аудандық кәсіподақ филиалдары өзара бөлісті.
Волейболдан ерлер арасында:
І орынға Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІ орынға Алакөл аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынға Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалы тұрақтады.
Ал, волейболдан әйелдер арасында:
І орынға Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы, ІІ орынға Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынға Текелі қалалық кәсіподақ филиалы орналасты.
Барлық спорт түрлерінің нәтижесінде командалық есепте: І орынды Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалы, ІІ орынды Көксу аудандық кәсіподақ филиалы, ІІІ орынды Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы ие болды.
Облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан жүлделі орынға ие болған командаларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, медальдар, қаржылай сыйлық және кубог табысталады.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-