
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Астана қаласы білім беру қызметкерлері Кәсіподағының 25 жылдығына арналған «Астана қаласы білім беру қызметкерлері Кәсіподағының Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» жыл сайынғы қалалық байқауын қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.
Байқау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайлары бойынша қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттарды азайту, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында өткізілді.
Байқау комиссиясының шешімімен жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Канафин Манарбек Адильбекович, Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 гимназия" ШЖҚ МКК-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы;
II орын – Ильчубаева Асель Мейрамовна, Астана қаласы әкімдігінің "№ 81 "Әсемгүл" балабақшасы" КМҚК-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы;
III орын – Сейтжанова Акжибек Ахметовна, Астана қаласы әкімдігінің "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" ШЖҚ МКК-нің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы.
Байқау жеңімпазы «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына арналған жыл сайынғы республикалық байқауға қатысады.
Байқауға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
-
Фото
-