
Әз-НАУРЫЗ КҮНГІ КӘСІПОДАҚ ШАШУЫ
Бүкілхалықтық мереке күні, жыл сайын, міне 6 жыл болды, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі аймақтың білім беру мекемелерінде еңбек етіп жүрген 50 техникалық қызметкердің көктемгі каникул кезінде «Атырау» шипажайында тегін демалуына мүмкіндік жасап келеді.
Олардың арасында еден жуушы, автокөлік жүргізуші, бағбан, аула сыпырушы, электрик, бала күтуші, кір жуушы, басқада шаруашылық қызметкерлері бар. Бұлардың барлығы да – өз ісіне шын берілген ЕҢБЕК АДАМЫ!
Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2025 – жыл жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына тұспа-тұс келіп отыр.
Бұл күні шипажай қызметкерлері демалушыларға бірнеше емнің түрін ұсынады. Атап айтқанда, атағы КСРО-ға кеңінен танылған «Қарабатан» саз балшығы, 325 метрден шығып жатқан минералды су (ванна), тұзды шахта, парафин, физиотерапиялық емдер және т.б. бар.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-