
БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова Наурыз мерекесі қарсаңында білім саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттап, олардың еңбекке деген адалдығы мен білім саласына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен шарада көпжылдық еңбегімен ерекшеленген кіші қызметкерлер мен ұстаздар алғыс хаттармен марапатталып, оларға сый-құрмет көрсетілді. Олардың қатарында білім саласында ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, медбикелер мен кіші қызметкерлер болды.
Гүлнар Байменшина мен Жанат Дүйсенова өз сөздерінде білім саласындағы әрбір қызметкердің еңбегі мен үлесі маңызды екенін атап өтіп, ұстаздар мен қызметкерлердің жұмысын жоғары бағалады. Марапатталғандардың әрқайсысына қоса, арнайы сыйлық ретінде саяхатқа жолдама берілді. Бұл сыйлықтар – олардың еңбек жолында көрсеткен адалдықтары мен білім саласына қосқан қомақты үлестерінің лайықты бағасы. Ал, білім саласының өкілдері өз кезегінде аудан басшылығына, кәсіподақ өкілдеріне көрсетілген қамқорлық пен қолдауларына үлкен алғыстарын білдіріп, осындай құрметке ие болғандарына қуанышты екенін жеткізді.
Бұл шара, сондай-ақ, Наурыз мерекесінің ізгілік пен ынтымаққа толы мәнін көрсетті.
-
Фото
-