
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбеде Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен Бестау мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде жаңғыру күніне орай біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жаңашыл идеялар шеңберінде мектептің 50 жылдық мерейтойына арналған ұстаздар арасында “Жобалар жәрмеңкесі” ғылыми-шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Бұл байқау білім беру саласында шығармашылық пен инновацияларды ынталандыруға бағытталған ауқымды шара болып табылды. Байқауда 12 қатысушы өз жобаларын ұсынып, шығармашылық идеяларымен бөлісті. Қатысушылардың жобалары мектеп өмірін жаңғырту, оқушыларға тиімді білім беру жолдарын дамыту және оқу үдерісін жақсарту мақсатында түрлі бағыттарды қамтыды.
Әділқазылар алқасы байқаудың нәтижесінде үздік жобаларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Бас жүлде бастауыш сынып мұғалімі Жаңагүл Әжігерееваға бұйырды. Ол шипажайға жолдама жеңіп алды. Бірінші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жақсылық Әкімбаев иеленіп, Оңтүстік өңірге тарихи-танымдық саяхатқа жолдама алды. Екінші орынға балабақша тәрбиешісі Айтжан Тілекші мен физика пәнінің мұғалімі Дәурен Байтөле, үшінші орынға биология пәнінің мұғалімі Айдана Хисанова мен спорт нұсқаушысы және алғашқы әскери дайындық жетекшісі Әділхан Сарбасов, информатика пәнінің мұғалімі Жайнагүл Алдашова ие болды. Олар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қалған қатысушыларға білім бөлімі тарапынан Алғыс хаттар мен аудандық кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сертификаттар табыс етілді.
Бұл шара ұстаздардың шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беріп, олардың ғылыми және әдістемелік жұмыстарының нәтижелерін көпшілікке таныстыруға ықпал етті.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктер мен жаңа бастамаларда табыс тілейміз.
-
Фото
-