
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері Сарыағаш өңіріндегі шипажайда демалды. Бұл іс-шара кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту және оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Кәсіподақ мүшелері бірнеше күн бойы табиғаты көркем, шипалы суымен танымал шипажайда тынығып, емдік-сауықтыру шараларынан өтті.
Демалыс барысында олар минералды су қабылдап, түрлі физиотерапиялық ем-дом алды. Сонымен қатар, мәдени-танымдық іс-шараларға қатысып, өңірдің көрікті жерлерін аралады.
Кәсіподақтың мұндай қолдауы білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, олардың жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
-
Фото
-