
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕСІ
Бүгін Салалық кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығы мен Кәсіподақтар федерацисының 120 жылдығы аясында Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесі өтті.
Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәрбия Байымбетова 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Кеңес жиынына әлеуметтік әріптестер: Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы С.Бекғалиев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мектептер мен бөбекжайлардың басшылары, кәсіподақ басшылары, белсенді кәсіподақ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тәрбия Анайбекқызының мәліметінше, бүгінде облыстық кәсіподақтың мүшелігінде 5 аудандық, 2 қалалық және облыстық 52 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Облыстағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 33 мыңға жуық педагог мүше.
Кәсіподақ қызметінің басты бағыты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, оқу орындарының басшылары сынды әлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда.
Осы жылы ұйымға білім саласының 1824 қызметкерінен түрлі өтініш түскен. Оның барлығына тиісті құқықтық кеңестер берілді.
Үздік ұстаздарды ынталандыру мақсатында «Кәсіподақ күші – бірлікте!» айдарымен бірнеше мәрте шаралар ұйымдастырылды. «Мектепке жол»науқаны аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдаулар көрсетілді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім беру ұйымдарының мерейтойлары қарсаңында сала майталмандары ескерусіз қалған жоқ.
2024 жылы халықаралық ынтымақтастық, Кәсіподақтар Федерациясының Стратегиясында және Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес дамыды.«Лайықты еңбек жылы» аясында салалық кәсіподақтың «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық жыл сайынғы байқауының жеңімпазы жерлесіміз, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері Жұмабеков Ертай Сәрсенұлын І орынға ие болды.
Түркия мемлекетінің ғалымдарымен тәжірибе алмасқан халықаралық шараға Маңғыстау туризм колледжінің оқытушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнұр Кушанова «Каспий теңізі өзекті мәселелері» тақырыбындағыжобасымен қатысты.
Кәсіподақ төрайымының баяндамасынан соң кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан әлеуметтік әріптестер -білім беру ұйымдарының басшылары кәсіподақ наградаларымен марапатталды.
Шарада Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы С.Бекғалиев және облыстық санаторлық мектеп интернатының басшысы М.Шарипова әріптестік аясында облыстық кәсіподақпен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-