
ҰЖЫМЫ ҰЛЫҚТАҒАН БАСШЫ
«Балапан» бағдарламасының жобасына орай ашылған Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Кызылтөбе ауылындағы №5 «Балбөбек» балабақшасына 2022 жылдан бастап басшылық қызметке келген Жанат Абайқызы Бектегенова аз уақыт ішінде бүлдіршіндерімізді қуанышқа бөлеп, сәбилер тобынан бастап, ересек топқа дейін қамтылған балалармен уақыт талабына сай жұмыс жүргізіп келеді. Тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістіктері де аз емес.
Ол қалалық «Десант сабағы» байқауында III орынды, «Педоқу» сайысында жеке жетістіктері үшін, осы жылы аудандық «Десант сабағы» байқауында II орынды иеленді.
Жанат басқаратын «Балапан» балабақшасы аудандық «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауында III орынды, аудандық мултьфильмдер әлемінде» атты байқауда «Ең үздік» номинациясы бойынша марапатталды. Халқымыз «Жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей» демей ме? Жанат Абайқызы жүрегінің бал жылуын шәкірттеріне сыйлауда.
Жанат Бектегенова І санатты маман болуымен қатар, 3 баланың анасы, аяулы жар. Ол аптаның 5 күнінде сағат таңғы 8-ден қарбаласқа толы жұмыс күнін бастап кетеді. Алдымен балабақшаның, оның ішінде топтағы ойыншықтардың, жатын орынмен жамылғылырдың, ыдыс аяқ, киім сөрелерінің тазалығымен қоса балаларға берілетін тағамдарды да тексеріп шығып, тәрбиеленушілермен тілдесіп, топ тәрбиешілеріне тапсырма береді. Одан әрі, белгіленген жоспар бойынша 1 топқа кіріп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бақылайды. Жұмыс соңында ертеңгі күнге жоспар құрып аяқтауды әдетке айналдырған балабақша басшысын ұжымдастары да сыйлап құрметтейді.
Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жағы ақыл парасаты мол, ой өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің ьасты міндеттіміз-деп үнемі айтып отырады. Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады» деген мақал бар. Білім ордасының да тұғырының мықты болуы білікті басшыға байланысты. Мен Жанат Абайқызын өмірде тоқығаны мол,кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білемін. Қашанда қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, таңдаған мамандығының қыр-сырын шебер меңгеріп, көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, өзі басшылық қызметін абыроймен атқарып келеді.
Ұстаздық еңбегі бір төбе. Ол еңбекқор, тәжрибелі ең алдымен өз ісін сүйетін жан. Бұл жағдайда тәрбиешілерге жұмыста қолданатын әртүрлі педагогикалық әдістерде көмек береді. Адамның бақыты деген, сірә осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек.
Т.Назарбаева ,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №5 «Балбөбек» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі.