
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
21 сәуір күні, Атырау индустриалды колледжі әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы тарих пәнінің мұғалімі Аманкелді Иманғазының 60 жасқа толу мерейтойын атап өтті. Салтанатты жиынның тізгінін ұстаған Халидолла Тайпанов әріптесінің өмірбаянына қысқаша тоқталып, қатысушылар назарына бейнебаян ұсынылды.
Сөз кезегін алған «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы қысқаша облыстың білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кештің иегеріне Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» медалін табыстады.
Жиналысқа қатысушылар Аманкелді Иманғазыға арнап ән шумақтарын арнаса, сыныптас досы, Атырау медицина колледжінің оқытушысы Қошқарбай Жақсиев мерейтой иесіне арнап шығарған әдемі өлеңін оқыды.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фото
-