
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ШАРА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТТІ
23 сәуірде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті «Қамқор» кәсіподағының ұйымдастыруымен республикалық деңгейдегі «Заң және тәртіп керуені» атты семинар-практикумы өтті.
Семинарды кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Байбосынова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алғашқы құттықтау сөз кезегін Ұйғыр аудандық білім бөлімінің басшысы М.Құрманалиева алып, кәсіподақ бастамаларына қолдау білдірді.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының құқықтық жұмыстар бойынша бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева еңбек дауларын Келісу комиссиясында шешу тәртібі туралы заң аясында жан-жақты түсіндірме беріп, түскен барлық сұрақтарға жауап берді.
Жергілікті ұйымның жетекші маманы Қадырбек Г.Қ. Бастауыш ұйым туралы ережелерді тереңнен тарқатып, ұйым мүшелерінің рөлін нақтылады.
Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Тойлыбаева Р.М. «Кәсіподақ кім?» деген тақырып аясында кәсіподақтың мәні мен маңызын түсіндіріп, заңнамалық сұрақтарға арналған арнайы кітапшаларды қатысушыларға үлестірді.