
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУҒА - ЕРЕКШЕ НАЗАР!
24 сәуірде Павлодар облыстық ұйымы Железин ауданындағы балалар өнер мектебі базасында ауданның мектеп, мектепке дейінгі мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары мен әкімшілік-шаруашылық жөніндегі директорлардың орынбасарлары үшін оқыту семинарын өткізді.
Шараға еңбек құқығының сарапшысы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов, Павлодар облыстық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Гүлшат Оралқызы Джаркенова қатысып, сөз сөйледі.
Гүлшат Оралқызы тыңдаушылардың назарын еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге аударды және жұмысшылардың қауіпсіз еңбек құқығын қорғау әрдайым және әрқашан барлық деңгейдегі кәсіподақ органдарының басты міндеті болып қала беретініне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол жұмыс орнында жарақаттанудың алдын алу , жұмысшылар – кәсіподақ мүшелері үшін қолайлы әрі ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау маңызды екенін атап өтті.
Еңбек қауіпсіздігі саласындағы техникалық инспекторлардың рөлі, өндірістік кеңестердің жұмысы, өндірістік жарақат кезінде зиянды өтеу мәселелері, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібі, жұмысшылардың еңбек қызметіндегі басқа да денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар туралы сарапшы Марат Тілеубергенұлы Қабжамитов айтты.
Қорытындысында 43 қатысушыға оқу семинарын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-