
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының іс жүргізушілеріне арналған семинар өтті.
Қалалық кәсіподақ төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды Еңбек кодексінің және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жекелеген нормаларын іс жүзінде қолдану туралы баяндады.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.
Кәсіподақ заңгері Динара Тоқбалина кездесуге қатысушыларға жұмыс берушінің актілерін жүргізу тәртібі және білім беру ұйымдарындағы келісім комиссиясының жұмысы, мемлекеттік білім беру ұйымының педагог лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы түсіндірді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Семинар соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-