
ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ
Жеңістің 80 жылдығы, Қызылорда қаласының Астана мәртебесін алғанына 100 жыл толуына орай қалалық ардагерлер арасында “Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады” патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Ән байқауы: соғыс жылдарындағы әндер және Қызылорда қаласы туралы әндер бағытында өтті.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын дәріптеу, ардагерлердің шығармашылық әлеуетін қолдау, патриоттық рухты нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ән арқылы тарихи сана мен халықтың бірлігін көрсету мақсатында өткен байқауына №3, 5, 9, 187, 197, 217, Өнер мектебі, №14 "Самал" бала бақшасынан ардагерлер қатысты.
Нәтижесінде:
І орынды иеленген Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының ардагері;
ІІ орынды иеленген №14 "Самал" балабақшасының ардагері;
ІІІ орынды иеленген С.Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейінің, Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектептің ардагерлері.
№5, 217, 187 мектептің ардагерлері Алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаздарға қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкері кәсіподақ комитетінің Дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
-
Фото
-