
ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРТІБІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе облыстық мамандандырылған физикалық-математикалық лицей-интернатында қоғамдық бақылау жүргізіп, ұжыммен кездесті.
Іс-шара барысында заңгерлер мекемедегі еңбек қатынастарына қатысты құжаттарды қарап, еңбек және ұжымдық шарттардың сақталу барысын саралады. Сонымен қатар, келісім комиссиясының мүшелерімен кездесіп, еңбек дауларын шешу жолдары мен құқықтық қолдаудың маңыздылығы жөнінде кеңес берілді.
Мұндай қоғамдық бақылаудың басты мақсаты – білім беру мекемелеріндегі еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық қолдау көрсету.
Кәсіподақ мүшелерімен еркін форматта өткен сұхбат барысында кәсіподақтың құқықтық қолдауы, еңбек ұжымындағы келісім мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Осындай кездесулер ұжым мүшелерінің құқықтық сауатын арттыруға және жұмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді.
-
Фото
-