
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР – ТРЕНИНГ
Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіподағының жылдық жоспары бойынша Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына орвй №125 балабақшада «Кәсіподақ ұйымы әл-ауқат пен бірліктің ұйытқысы» атты қалалық семинар-тренинг өтті.
Қалалық деңгейдегі бұл семинар-тренингті ұйымдастырушы «Ұстаз» кәсіподағының Медеу аудандық филиалы мен №125 балабақша ұжымы.
Семинарға Алматы қаласының «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы Байгуттинов С.К және аудандық филиалдарының төрағалары мен бастауыш кәсіподақ төрағалары қатысты. Семинар «Тілек шамы» тренингімен басталып, ұйымдастырушылардың қолдауымен әр қатысушы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.Ұлы жеңіске 80 жыл толуына орай №125 балабақшаның кәсіподақ төрайымы Г.Абдукаримова презентация көрсетті.
Қатысушы қонақтар қалалық-семинар тренингтің өте жоғары деңгейде өткенін айтып, өз пікірлерін білдірді.
-
Фото
-