
АРДАГЕР ҰСТАЗҒА - ҚҰРМЕТ
Салалық кәсіподақтың Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым Ерікқызы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері және ардагер ұстаз Чукреева Валентина Ивановнаның шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында Валентина Ивановна ұстаздық жолындағы сәттерді еске алды. «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалінің иегері, тыл ардагері Валентина Ивановна Чукреева жанын аямай еңбек еткен, қарт әженің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым!
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы