
ЕҢБЕК АДАМЫ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №2 Маржанбұлақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жамиға Сұлтангерейқызы Шурина - білім беру саласына бар ғұмырын арнаған, ел болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз.
35 жылға жуық педагогикалық еңбек өтілі бар Жамиға Сұлтангерейқызы өзінің кәсіби біліктілігімен, терең білімімен және адами қасиеттерімен әріптестері мен шәкірттерінің зор құрметіне ие. Ол – шәкірт жанының тамырын дөп басып, әр баланың жүрегіне жол таба білетін, ілім мен тәрбие беруді өмірлік мұратына айналдырған парасатты педагог.
Ұстаздық жолын Маржанбұлақ аралас мектебінде бастаған Жамиға Сұлтангерейқызы бүгінде тәжірибесі мол, педагогикалық шеберлігі жоғары маман ретінде танылып отыр. Оның оқушылары түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл – ұстаздың шығармашылыққа толы, жүйелі де сапалы еңбегінің айқын дәлелі.
Жамиға Сұлтангерейқызы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың жеке қабілеті мен бейімділігін ашуға ерекше мән береді. Ол әр шәкіртінің жан дүниесін терең түсініп, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Оның сабағында білім беру мен тәрбиелеу қатар өріліп, жас ұрпаққа рухани-мәдени құндылықтармен сусындауға мүмкіндік беріледі.
Жамиға Сұлтангерейқызы білім саласындағы табысты еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Білім мен тәрбиені өмірлік мұрат еткен Жамиға Сұлтангерейқызы – ұрпақ тәрбиесіне шын жанашыр, еңбегімен елге үлгі болар нағыз Еңбек адамы. Оның шәкірттері болашақта ел ертеңін нұрландырар азаматтарға айналатыны сөзсіз. Осындай жан-жақты, ізденімпаз, шәкірт жанына шуағын шашқан ұлағатты ұстаздар барда еліміздің білім саласының болашағы жарқын болары анық.
-
Фото
-