
КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ САБАҒЫ
Қызылорда облыстық ұйымына қарасты бастауыш кәсіподақ төрағаларына арналған кезекті оқыту сабағы өтті.
Сайланбалы негізде қызметін жаңадан бастаған бастауыш ұйымдардың төрағаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған басқосуда Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев кіріспе сөз сөйлеп, әріптестеріне сәттілік тіледі.
Семинар-кеңестің жоспарына сәйкес бастауыш ұйымдардың жаңа төрағаларына келесі бағыттар бойынша ақпараттар мен нұсқаулар берілді:
Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестік туралы ұжымдық шарттың рөлі;
Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың негізгі міндеттері;
Кәсіподақ ұйымының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі қағидалары;
Құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу;
Ұйымның оң имиджін қалыптастырудағы ақпараттық-насихат жұмыстарының маңызы.
Білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ жетекшілеріне арналған жиынға Гүлнар Есқалиева төрағалық етіп, қатысушылар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер мен сұрақтарға жауап берді.
-
Фото
-