
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Піржан Төлеген - Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі. Ол республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз», «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2024», «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз», «Педагогикалық идеялар понарамасы» байқауларының республикалық кезеңінің жүлдегері.
Сырдария ауданы бойынша «Жыл үздігі-2023», республика бойынша «Energizer ұстаз» номинациясы, Сырдария ауданы әкімінің «Өрлеу» жастар сыйлығының иегері Қазақстан бойынша «ТОП-10» жас ұстаз қатарында.
Оқушылары республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздары. Өз тәжірибесін облыстық, республикалық деңгейде таратып жүрген білікті ұстаз жас та болса өз ісінің шебері деуге әбден лайық.