
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ӨТКЕН «ДЕНСАУЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ-2025»
Аталған іс-шараны Астана қаласының Білім басқармасының «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы бірлесіп ұйымдастырды.
Спартакиадаға елорданың білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын, кәсіподақ мүшелері болып табылатын педагогтар қатысты.
Спартакиаданың басты мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдердің дене шынықтыру даярлығын арттыру, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Жарыстар спорттың 9 түрі бойынша өтті: волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шаңғымен жүгіру, шағын футбол, қазақ күресі, асық ату, бес асық және туристік слет.
Марапаттау рәсіміне қатысқан Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев жеңімпаздарды құттықтап, жарысқа белсенді қатысқан ұстаздарға алғыс білдірді. Сонымен қатар, ұйымдастыруға атсалысқан «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығына және білім беру ұйымдарының басшыларына ризашылығын жеткізді.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, мақтау грамоталарымен және сертификаттармен марапатталды.
-
Фото
-