
ТӨРАҒА – СІЗГЕ СӨЗ!
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының «Кәсіподақтағы ұйымдастыру жұмысы» тақырыбында өткен тәжірибелік сабақ аясында білім беру қызметкерлерінің Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Искаков «Кәсіподақ көшбасшысының бейнесі» тренингін өткізді. Тренингке аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.
Тренинг барысында Е.Искаков кәсіподақ көшбасшысының рөлі мен маңыздылығын ашып көрсетті. Ол көшбасшының коммуникативтік дағдылары, шешім қабылдау қабілеті, команда құру және басқару, жанжалдарды шешу жолдары сияқты қасиеттерін талқылады. Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті, нақты мысалдар келтірді.
Тренинг интерактивті форматта өтті. Қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі жағдайларды талдады, рөлдік ойындар ойнады. Бұл тәсіл кәсіподақ белсенділеріне өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға мүмкіндік берді. Тренинг соңында Ержан Искаков қатысушыларға: «Нағыз кәсіподақ көшбасшысы - бұл әділет жолындағы қайраткер, еңбек адамының үні. Әрқайсыңыз өз ортаңызда сондай көшбасшы бола аласыздар!» - деп аяқтады.
Шараның ұйымдастырушылары модераторға және тренингке қатысушыларына алғыстарын білдірді.
-
Фото
-