
АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСҚА – АЙРЫҚША НАЗАР
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ ұйымындағы ақпараттық жұмыс» атты аудандық, қалалық ұйымдардың төрағалары мен белсенділері үшін арнайы семинар өтті.
Семинардың мақсаты – кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық қызметін жандандыру, ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттырудың әдістері мен құралдарын, кәсіподақ қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету жолдарын талқылады.
Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық ресурстарын дамыту, әлеуметтік желілердегі белсенділікті арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің пікірін ескеру, кері байланыс орнату және ақпараттық науқандарды жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Семинар қорытындысы бойынша кәсіподақ ұйымдарының ақпараттық жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсыныстар кәсіподақ қызметін насихаттауға, қоғамның кәсіподақтарға деген сенімін арттыруға және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған.
-
Фото
-