
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
19 мамыр күні Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподығы ұйымы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Б.Әлиев және Абай облыстық ұйымының төрағасы С.Ибраев «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қатысуымен колледждің жұмысшы мамандарымен кездесті.
Кездесуде кәсіподақ өкілдеріне әлеуметтік әріптестік туралы келісім, ұжымдық шарт туралы ақпарат, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап берілді. Шара соңында белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды.
Б.Абдраимов,
Семей қаласының «Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
-
Фото
-